Руханият

Аймановтың ізі қалған «Қазақфильм» автосалонға айналды

“Қазақфильм” киностудиясы автосалонға айналыпты. Азамат Сатыбалды өзі басқаратын мекеменің ауласын арендаға беріп, қытай көліктерін қаз-қатар тізіп қойған. Тіпті актер өз инстаграмында Қорғастың ар жағынан келген көліктерді жарнамалап жүр.

Бірақ бұл қылығына Қазақфильм президенті қысылмайтын сияқты. Басшы ретінде киностудияның 170 жұмысшысына жалақы тауып беру үшін, жерді жалға берсем де өзімді сатсам да өзім білем депті.

Өте ұят әңгіме.

Білдей Қазақфильм қызметкерлеріне қытай компанияларынан ақша алып беру миға кірмейді. Себебі, Жахан Отарғалиев, Дариға Бодықова дегендер қолында дымы жоқ болса да үйін залогқа қойып, көлігін сатып кино түсіріп, миллиардтап касса жинап жатыр. Ал, мың түрлі павильоны, штатта сценаристі, режиссері бар, техниканың түр-түрі бар білдей киностудияның қаржы жоқ деп қол қусырып отыруы қисынсыз. Мынадай ресурспен мықты кинолар түсіріп, прокатқа шығарып шылқып отыруға болады. Киностудия аумағын жалға бергенде, коммерциялық фильм түсіруге де рұқсат бар шығар? Сол мүмкіндікті неге пайдаланбайды екен?

Ешкім көрмейтін, фестиваль үшін ғана қыртымбай кино түсіріп, мемлекеттің миллиондарын игергенге мәз болып отыру модадан кетті. Шәкен Аймановтың ізі қалған, талай таланттар тарпаң басқан киностудия аумағын автосалонға айналдыру ақымақтық. Қанша ақшаға жалға беріп отырғанын да жасырып қалыпты. Демек, келісім-шартта бір кілтипан бар. Соны тексеру керек,

деп жазады журналист Диас Нұрақын.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago