Атақ және ақша

Айнұр Жүгінісова: «Келіндерімді төркініне немерем бір жасқа толғанда ғана жіберемін»

Ағайынды Жүгінісовтердің анасы, қоғам қайраткері, продюсер Айнұр Жүгінісова журналист, пиаршы Назым Жанғазыға берген сұхбатында қыз өз үйінен кеткен соң төркініне сыйлы болуы үшін ата-анасының үйіне жиі барғыштай бермеу керегін айтты.

“Ата-ана қызын ұзатып, қыз кеткен соң Алладан “Бала-шағам аман болсын, өссін, өнсін. Барған жеріне тастай батып, судай сіңсін” деп тілеуін тілеу керек. Қазақта төркіндеу деген бар. Біздің отбасымыз дәстүрдің бәрін сақтайды. Менің келіндерім келін боп түскен соң бала көтеріп, немерем бір жасқа тола бастағанда ғана төркініне жіберемін. Немеремді нағашыларымен таныстыруға жіберемін. Оған дейін олар ешқайда бармайды. Нағашылары жиенін жөн-жоралғыларын жасап күтіп алады. Қазақ жиен келгенде сұрағанын берген. Қыз да сүйкімді, қадірлі”, – дейді Айнұр Жүгінісова.

Ол қызын ажырастырып алатын ата-аналарға кейіді.

“Қазір қызды бір баласымен айырып алады. Сөйтіп “сен бүйттің, сөйттің” деп өз қызы көзіне күйік болып отырады. “Ішіме сыйған қыз, сыртыма да сыяды” деген мақал бар ғой. Бала сыртыңа сыймайды. Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ. Ана дүниеге барсаң да жалғыз кетесің. Бір емес, бірнеше қызын жанына жинап алған ата-аналарды білеміз. Ана осылай баласының бақытын жауып отыр. Кейбіреулер қыз бала тұрмысқа шықса ата-ананы асырау керек деп ойлайды. Мысалы, қыздар бай-қуатты жерге тұрмысқа шығады. Бірнеше жылдан кейін бір әулетті банкротқа ұшыратады. “Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” дейді. Демек, ырыс еркекке беріледі. Ал әйел сол ырысты ұрлап-жырлап төркініне тасиды. Төркінге беру арқылы, әулетке беріліп тұрған ырысты шайып жібереді. Күйеу бейшараның жолы жабылған, әйелге мөлейіп қараған күшікке айналады. Содан әйелге де, оның әке-шешесіне де керек болмай қалады. Сөйтіп қызына “қайт, айналайын” дейді”, – деп қорытынды жасады продюсер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago