Categories: Галерея

«Қайрат бес баласын күнде түгендеп отырады»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі туралы

Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев 57 жасында мезгілсіз дүниеден озды.

БАҚ мәліметінше, кәсіпкердің жүрегі тоқтап қалған.

Шоу-бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлері жары Ләйлә Сұлтанқызы мен бауырларына көңіл айтып, әлеуметтік желілерде жазбалар жариялап жатыр.

Жақында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Айнұр Ілиясованың «MOM’sкий әңгіме» подкастында қонақ болып, отбасындағы қарым-қатынас, күйеуінің алғашқы некеден балалары туралы әңгімелеген.

Балаларымның екі туған ағасы, бір туған әпкесі бар. Балаларының алды 35, 37-ге келіп қалған үлкен жігіттер. Олар әкесінің махаббатына 100% бөленіп өсті. Қайрат бес баласын күнде түгендеп отыруы мүмкін. Оларға хабарласып, жағдайларын біліп, немерелерінің халін сұрап отырады. Қайрат туған-туысына өте бауырмал. Мен өзімнің бауырыма бір айда бір рет хабарласуым мүмкін. Менің балаларым да көп балалы отбасынан шыққан сияқты. Үнемі әкесі айтып отырады, «Ағаңнан сұра, Дамир не деп жатыр, не деп сөйлестіңдер» деп,

Ләйлә Сұлтанқызы Қайрат Беркінбаевтың бала тәрбиесіне өте жауапты болғанын әңгімелеген.

Сондай-ақ, отбасылық өмірде, бала тәрбиесінде күйеуінің қосқан үлесі зор екенін айтқан.

Қайраттың көмегі маған орасан зор. Біріншіден, ол менің балаларыммен алғаш рет әке атанған жоқ. Оның әкелік тәжірибесі мол. Қайрат өзінің орнын нықтап, бірінші күннен-ақ әкеге қандай қарым-қатынас болу керегін белгілеп қойған. «Әкеңе айтам» деген сөз біздің үйде сирек пайдаланса да, ол ең соңғы жаза түрінде пайдаланатын сөз. Сондықтан әкесінің қас-қабағына қарайды. Әкесі кіргеннен, курткасын шешкеннен, аяқ-киімін шешкеннен қандай көңіл-күймен кіргенін біледі. Мен үйде жұмсақпын, әркімнің отбасында әрқалай.

дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кету керек, әлеуметтік желіде Қайрат Беркінбаевтың бұрынғы әйелі Меруерт Беркінбаеваның да жоқтау айтқан жазбасы таралып жатыр. Ол өзінің Instagram парақшасында бұрынғы күйеуіне өлең түрінде жоқтау арнаған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago