Фото: kursiv.media
Қазіргі таңда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот шешім қабылдаған.
Сот шешімі заңды күшіне енген кезде қашан шығатыны анықталмақ. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданды. Енді сот шешімі күшіне енгенін күтеміз. Бір аптадан кейін шығуы мүмкін,
деді Әсет Шындалиев.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 31 наурызында кәсіпкерге қатысты алғашқы сот шешімі шықты. Сот Қайрат Боранбаевқа мал-мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Кейін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды.
Тамыз айында өткен сот отырысы барысында кәсіпкер өзіне тағылған кінәні мойындап, процессуалдық келісім жасаған Боранбаевтың үкім мерзімі 8 жылдан 6 жылға қысқарған еді.
Кейіннен Қайрат Боранбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы айтты. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…