Categories: Саясат

«Қайрат кетті соғысқа». Ресейдегі этникалық қазақтар майданға қуана аттанып жатыр

Желіде Ресейдегі этникалық қазақтардың Украинадағы арнайы әскери операцияға аттанып жатқан видеосы пайда болды. Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай жариялады.

Қайрат кетті соғысқа демекші, Ресейдегі этникалық қазақтар майдан даласына қуана аттануда. Қазақтар тығыз мекендеген ауылдардағы еркек біткенге 10 минутта жиналып, соғысқа кетесің деген қысқа ғана хабарлама келуде,

деп жазды журналист.

Айтуынша, Владимир Путиннің мобилизация талабына қарап жатқан ешкім жоқ. Әскерге барған кейбірі болмаса басым бөлігі деревняны тоздырып жүрген жігіттер, істерге іс жоқ батырлар.

Соңғы санақ бойынша (2010 ж.) Ресейде 700 мыңдай этникалық қазақ өмір сүреді. Олар негізінен Орынбор, Астрахань, Омбы, Төмен, Қорған, Барнаул және Алтай өлкесі маңына шоғырланған.
Украинада арнайы операция басталғалы бері шайқаста 120 қазақ мерт болған.

Ал Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Шешенстанда мобилиация жүргізілмейтінін мәлімдеді. Ол мұны Украинадағы соғыс кезінде республика «жоспарды асыра орындады» деп түсіндірді.

Қадыровтың айтуынша, арнайы әскери операцияға 20 мың Шешенстан адамы қатысқан. Шешенстан жоспарды 254%-ға асыра орындады, деді ол. Ол қандай жоспары екенін, оны кім және қалай мақұлдағаны нақтыланбады.

Сонымен қатар, Қадыровтың айтуынша, Грозныйда бір күн бұрын соғысқа қарсы митинг өткізуге тырысқан 40-қа жуық әйелдің туыстары жұмылдырылып, Украинаға жіберілген. Сондай-ақ, ол митингке шыққан кез-келген адамды немесе олардың күйеуі мен балаларын «алдыңғы қатарға» жіберемін деп қорқытты.

Бұған дейін бұл туралы 1ADAT оппозициялық қозғалысының өкілі Ибрагим Янгулбаев хабарлаған болатын: оның айтуынша, бұл әйелдердің туыстары ерікті болуға келісетін құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago