Categories: Галерея

Қайрат Нұртасты тойға шақыру қанша тұрады?

Қазақстанда той-бизнес қызып тұр. Ел-жұрт екі жылдық пандемиядан кейін жаппай той жасауға кіріскен. Онда да дүркіретіп, танымал жұлдыздарды шақырып өткізгенді қалайды.

Алайда еліміздің басты хитмейкерлері тойда өнер көрсетуге аз ақша сұрамайды.

Bridge.tv отандастарының мейрамында әншілер қанша теңгеге өнер көрсететіні туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың өкілі хитмэн өнер көрсетуге 7 мың доллар сұрайтынын айтқан. Бұдан бөлек, той иесі ұшақ билеті мен қонақ үй құнын төлеп беруі тиіс. Осы талаптар орындалса сүйікті әнші 7-8 ән орындап береді.

Ерке Есмахан да осы бағаға өнер көрсетуге дайын. Ақшасы төленсе әнші той-жиында 30 минут ән салады. Мұнда да той иесі әртістің ұшып келуі мен қонатын жерін өз мойнына алады.

Қарақат Әбілдинаның да гонорары кем түспейді. Халық сүйіктісі отандастарының тойында 3-5 мың доллар аралығындағы сомаға өнер көрсетуге дайын.

Қазақстандық эстраданың басты секс-символы Мадина Сәдуақасова біршама шағын гонорар белгілеген екен. Жұлдыз өнер көрсеткеніне 2 мың доллар сұрайды.

Қыз ұзату және басқа да дәстүрлі мерекелерге жиі қатысатын Мөлдір Әуелбекова да осындай сомаға тойға шығуға дайын.

Оқырмандар мұндай бағалар тым жоғары екенін айтып әлек.

«Әншілерсіз де той өтер. Осыншама ақшаны олардың 10 минут өтірік өлең айтқанына бергенше, 1 бөлмелі үй алғаным артық»

«Ерке Есмаханға 3 миллион бергенше үйіме евроремонт жасатар едім. Сондағысы фонограммамен айтады. Сонда түрін көру үшін ақша төлейміз бе?»

«Қалай айтса да шақырмаймын. Әншілерге жұмсаған ақшама қыдырғаным жақсы. 2 миллионды менің айлығыммен 4 жыл жинаймыз»

деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago