Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі хабарлады.

Қайрат Сатыбалды 13 наурызда шетелге қашып ұшпақ болған сәтте қолға ұсталды.  Ол «Қазақтелекомның» қомақты қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен уақытша қамау изоляторына жіберілді. Кейін қамау мерзімі ұзартылды.  Жемқорлықпен күрес агенттігі Қайрат Сатыбалды мен тағы төрт адамнан елдегі басты байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деп күдіктенеді.

Нәтижесінде заңсыз сатып алынған активтер мен 240 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды. Оған қоса айыпталушылардың ел іші мен шетелдегі жылжымайтын мүлік, автомобильдері және 400 миллиард теңге қаражаты анықталды, олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр. Олардың біреуі қамауда, екеуі үй қамақта. Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерін заңдастыру фактілері бойынша қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін тергеу жалғасуда

делінген мәлімдемеде.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да 17 наурызда «бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу» күдігі бойынша Нұр-Сұлтанда қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырды деп айыпталып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago