Айсәуле Бақытбек Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдіріп, көзіне жас алды

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек күні кеше бала ұстаған ер адамға жұдырық ала жүгіріп, басы дауға қалған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты ойын ашық айтты. 

Айсәуле Бақытбек боксшының тиісті жазасын алудың орнына, бостандықта жүргенін айтып, құзырлы органдарға наразылығын жеткізді.

Мынау сұмдық қой! Біздің елде өз ісіне салғырттық танытатын құзырлы органдар жұмыс істейді. Тіпті еліміздің бокс федерациясы кәсіби боксшының мұндай әрекетіне ешқандай пікір білдірмейді. Сол себепті Қазақстанда тұру қорқынышты. Оның жұдырығы – суық қару. Балаға психологиялық тұрғыдан қаншалықты ауыр тигенін елестету мүмкін емес,

деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Блогер жәбірленушінің сырқат баласы жайлы айтып отырып көзіне жас алды.

Бейнежазба астындағы пікірлерді оқып отырып Бейбіттің бұл әрекетін ақтап жатқан адамдардан шошыдым. Төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталған. Жәбірленушінің баласы аутизммен ауыратыны белгілі болды. Ойлап көріңізші, біздің елде ерекше балалардың ата-анасына онсыз да қиын. Себебі аутизммен ауыратын балаларға ешқандай жағдай жасалмаған. Ойын-сауық орталығына барса ол бала қайда ойнауы керек? Онымен қоймай кез келген адам осылай тап береді. Бейбіт болған жағдай үшін кешірім сұраудың орнына, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ақталып отыр. Осындай «малдарды» жақтайтын адамдар бар қоғамда баланы қалай өсіріп, тәрбиелеуге болады,

деді көз жасына ерік берген Айсәуле Бақытбек.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago