Фото: ашық дереккөзден
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылғалы мемлекеттің қаржысын жымқырғандардан арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түскен. Бұл жөнінде Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
Қайтқан қаражаттан арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды,- делінген хабарламада, деп жазды TengeLife арнасы.
Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша (28,6 мың оқушыға арналған) 17 мектеп пайдалануға берілген.
Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталған.
Мемлекет қаржысын жымқырғандардан қайтқан қаржыға еліміздің түкпір-түкпірінен 62 мектеп салынатыны хабарланған-ды.
Сондай-ақ тізімде Астана қаласы да бар. Оның ішінде Алматы облысында – 10, Жамбыл облысында – 6, Түркістан облысында – 9, Астанада 10 мектеп салынады.
Бұған дейін Вице-премьер-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мектеп құрылысына жемқорлардың қайтарған қаржысынан ақша бөліне бастағанын айтқан еді.
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…