Оқиға

Қайтыс болған кеншілер жерленді

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза тапқан Виктор Бургун мен Виталий Слюньков және Денис Стешин жер қойнына тапсырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

39 жылын жер асты еңбегіне арнаған, 58 жастағы Виктор Бургунды шығарып салуға келгендердің қарасы көп болған.

Баяғыда Ленин шахтасында жиырма адамдай қайтыс болған кезде асфальт та салынды, жарық та істелінді деген сияқты. Болмай-ақ қойсын ондай енді алдын ала істесін, біздің депутаттар.

Қаралы жиынға әкімдер мен депутаттар да келген. Олардың айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрғақ уәдесі елді шаршатқан. Компанияға қарасты шахталардың бәрінде заманауи құрылғылар сөз жүзінде ғана жаңарып жатыр дейді.

59 жастағы Виталий Слюньков та шахтада 39 жыл еңбек еткен. Оның денесін жақындары үйінен шығарды. Зейнетке шықсам, Ресейге көшемін деп жүрген екен. Бұрынырақ елден кеткен бала-шағасы келіп, әкелерін соңғы сапарға аттандырды. Қоштасуға келген кеншілер де көп.

Ал шахтаның өзінде 5 күн бұрын басталған өрт әлі сөндірілген жоқ. Өйткені конвеерлік лентадағы өрт көмір қабаттарына тиген. Сондықтан тар жерде тұтанған көмірдің қою қара түтіні мен бет қаратпас ыстығы өрт сөндірушілерді маңайлатпай жатқан көрінеді.

Қазір жер астындағы 10-нан аса өрт ошағымен 40 шақты өрт сөндіруші алысып жатыр екен. Одан көп адамды кіргізуге жер астындағы тар жолдар мүмкіндік бермейді.

«Қазақстан» шахтасында еңбек ететін 1 450 адамның 600-ден астамы қазір басқа шахталарға жұмысқа жіберілген. Қалғаны өртсөндірушілерге көмектесіп жүр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago