Оқиға

Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар

Әлеуметтік желіде Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысқаны туралы ақпарат пайда болды.

Жол апаты туралы ақпаратпен журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook парақшасында бөлісті. Журналистің мәліметінше, екі автобуста жалпы саны 34 жолаушы болған.

Пазик автобусы мен буханка  УАЗ соқтығысқан. Бірінде «Банан тур», екінші көлікте «Саяхаттайық» деген компанияның туристері болыпты. Барлығы 34 адам. Соның біреуі өліп, 20-сы жараланған. Он турист аса ауыр хәлде екен. Оларды сол баяғы салдыр-салақ уазиктермен, ауылдағы таксистермен Жалаңаштағы, Кегендегі ауруханаларға жеткізген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ,

делінген журналист жазбасында.

Журналистің айтуынша, жол апаты болған жерге ең жақын аурухана 120 шақырым жерде орналасқан.

Жақын жерде аурухана жоқ. Кегенге дейін 120 кемі шақырым. Көлсай мен Қайыңдыда жабайы туризм дамып жатыр деп те айттым, жаздым. Себебі жолы жоқ Қайыңдыға жету үшін салдыр салақ УАЗ-ға мінуің керек. Ақшаға құныққандар «буханкаға» 10-15 адамды қой сияқты тиеп алады. Жолаушылардың орындықтарын алып тастап, скамейка қойып тастаған,

делінген жазбада.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago