Қоғам

Айына миллион төлеп оқытатын сиқырлы мектеп пе?

Байлар мен кедейлердің арасы алшақтағаны қашан. Қарапайым халық тойға кредит алып әртістерге төлесе, олар сол ақшаға балаларын оқытады. Бүгінде мектеп бағасы университеттен қымбат. Ал жекеменшік мектептерде қазақы иіс те шықпайды.

Жаңа оқу жылы басталуына жарты ай уақыт қалды. Балаларын бірінші сыныпқа апаратын ата-аналар шарқ ұрып оқудың қамына кірісіп кеткен. Алайда қарапайым мемлекеттік мектептердің саны жеткіліксіз.

Мәселе мынау. Республика бойынша 225 мыңнан аса оқушыға білім алатын орын тапшы. Сондықтан үкімет жекеменшік мектептердің ашылуын қолдап отыр. Сөйтіп, 271 жекеменшік мектеп салыппыз. Алматыда олардың саны – 70 тен асады, ал Астанада – 40 тан асқан.

Енді жәй мектептен орын таппақан қазақ баласына жекеменшік мектеп іздейді де. Бағаларына қарасаңыз, қандай сиқыры бар екен деп ойлап та қаласың.

Мирасым жетіге толды, оған мектеп іздеймін деп, шок болдым,

деп жазыпты журналист Дина Төлепберген.

Үшінші орында Shoqan мектебі жайғасты. Мұнда ай сайынғы төлем биыл – 450 000 теңге. Бұдан бөлек, мектепке қабылдану үшін 420 000 теңге және бересіз.

Екінші орында Haileybury Алматы. Мұндағы жылдық оқу құны – 9 000 000 теңге. Яғни, ай сайын миллион.

Ең қымбаты – QSI халықаралық мектебі. Мұнда бірінші сыныпқа бару үшін 1 080 000 теңге төлейсіз. Бір жылға емес, ай сайын.

Иә, қазақ сыныптары жоқ, тек ағылшын.

Бай-бағландардың, әнші-әртістердің балалары осы элиталық мектептерде оқып жүр. Қарапайым халыққа миллион тұрмақ, 450 мыңға оқыту әдемі түс, қол жетпес арман. Мәселе ақшада ғана емес негізі, ынтасы жоқ баланы қанша оқытсаң да миына қонбас алған білімі. Атақ пен даңқа құмар халықпыз, әйтеуір. Осындай қымбат мектептерді бітірген оқушылар қайда қазір? Мемлекетке пайдасы тиіп жатыр ма? Жекеменшік мектептің қарапайым білім ордасынан айырмашылығы неде? Түрлі үйірмелерді толтырып тастап, соған алады ма миллиондарын?

Ақылы мектепсіз-ақ, гимназияларды үздік бітірген жастарымыз шетелдіктерді таңқалдырып жатқандары аз емес.

Оқитын бала қай жерде оқыса да бір жерді тесіп шығатыны анық.

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды деген ақпарат тарады. Президенттің тапсырмасына сәйкес еліміздің бірнеше өңірінде және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды екен.

Үкіметтің хабарламасында былай жасызлған:

Жалпы қордың есепшотына 151,6 млрд теңге түскен. Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Енді бұл ақшаға салынған мектептердің статусы жекеменшік болады ма, әлді мемлекеттік болады ма екен? Бағалары удай болып жүрмесе болғаны.

Ал сіздің балаңыз қайда оқиды?  Қай жерде хақ білім?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago