Айыппұл төлеген жастар әскери борышын өтеуден босатыла ма?

Әскерге шақыру пунктеріне уақытылы бармай немесе тіркеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұл арқалаған жастар әскерден босатыла ма? Бұл сұраққа қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов жауап берді.

Айыппұл төлеген болса немесе бұдан басқа да ҚР қылмыстық кодексінің талаптарына сай оларға шара қолданылған жағдайда, бұл оларды әскери қызметтен босатпайды. Керісінше олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Халық арасында «әскерге бармай, қашып жүр» деген сөз көп болғанымен, біз бұл мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Қазір жастар әскер құрамында 1 жыл ғана қызмет атқарады. Сол уақытта әскери өнерді, білімді, ғылымды үйреніп, өз бойларына сіңіріп, шамалары келгенше қамтуға тиіс

— деп жауап берді Ғани Артықов тілші сауалына.

Оның айтуынша,  әскерге бармай жүргендердің көбі – денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздар.

Біз 17 жастан бастап оларды әскерге шақыру комиссиясынан өткізіп, денсаулық жағдайы қаншалықты екенін алдын ала анықтап қоямыз. Кейінгі әскерге шақырту кездерінде сол қаншалықты өзгерді, соны ғана тексеріп отырамыз. Сондықтан, бізде «әскерге баратын жастардың саны жетпейді және олар жаппай қашып жүр екен» деген теріс ұғым туындамауға тиіс

— деді министрліктің ресми өкілі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago