Қайыр сұрау кәсіп пе?

Жыл басынан бері қайыр сұрап тиын тапқан 260 адам жауапқа тартылды.

Еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында биылғы жыл басынан бері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 1652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жеке тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында тиіскені үшін – 345, заттарды сатып алу, айырбастау бойынша – 627, өзге де қызметтерді ұсынумен – 680.

Сондай-ақ қайыр сұраумен айналысатын 260 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық жеткізілген тұлғалармен әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу үшін ақпараттар жұмыспен қамту орталықтарына берілді. 84 құқық бұзушы қабылдау-тарату орындарына, 51 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

Көліктегі ПД қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісу фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында Көліктегі полиция департаментінің бөліністерімен тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.

ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша жеке тұлғаларға ескерту не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер азамат құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, онда ол 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам ұсталса, онда айыппұл мен 5 тәулікке дейін қамауға алудан басқа, ол елден тыс шығарылуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago