Айжан Нұрмағамбетова бауырына басқан екі баланың кім екенін айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова “1001 түн” бағдарламасында жалғыз ұлы Диастан бөлек тағы екі баланы асырап, жеткізгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Сіз екі баланы бауырыңызға басыпсыз, сол рас па?” деген сауалына өнер иесі:

Ол менің күйеуімнің ұлдары. Солай болып қалды. Үш ұлдың анасымын. Мен бұл туралы еш жерде айтқан жоқпын. Маған келгенде бірінің жасы 11-де, екіншісі 8 жаста болатын. Қазір олар ер жетті. Мен олардың мұрнын сүртіп, өбектеп өсірген емеспін. Оқыттым, көлігін әпердім, тойларын жасап бердім,

дейді Айжан Нұрмағамбетова.

Әнші өзінің қандай ана екенін де жасырмай айтып берді.

Мен басқа әншілерге қарағанда 10 жылға ерте күйеуге шығып, ерте босандым. Менің балам “18 жасымда үйленемін” дегенде шалқамнан түстім. Ұлыма ешқашан “былай істе” деп айтқан емеспін. Оқуға түсер кезде менімен ақылдасқан да жоқ, өзі барды. Заңды, журналистиканы оқыды. Өнерге келуіне қарсы болған жоқпын, бірақ оған көмектескен де емеспін. Балам фортепиано сыныбын бітірген, музыкалық білімі бар,

деді өнер иесі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago