Атақ және ақша

Актер Жахан Отарғалиев жастарды ажыраспауға шақырды

Белгілі актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде эмоцияға толы жазба жариялап, ерлі-зайыпты жастарды ешқашан ұрсыспауға, ажыраспауға шақырды.

Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бәрі керемет! Солай болды. Мен бір ғана нәрсені айтқым келеді. Қымбатты достар, егер сіздердің араларыңызда кішігірім ұрыс басталайын деп жатқан болса, уже тыйып тастаңыздар. Жақындамаңыздар. Керек емес. Мүлде ажыраспаңыздаршы, достар. Ешқашан.

Ыстамбұлдамын. Дәл осы жерде жүріп, мен өзімнің махаббатымды, өзімнің сезімімді ол адамға білдірген болатынмын. Осы қалада үйленуге ұсыныс жасадым. Осы қалада теңіз жағасында жүріп армандайтынбыз. Сол армандарымыз, Аллаға шүкір, барлығы орындалды. Барлығына жуық орындалды. Бірақ, өкінішке қарай, бұлай болатынын ешкім ойламайды. Дәл қазір дәл осы жерде мен ол адаммен қоштасқым кеп тұр,

дейді ол видео арқылы үндеуде.

Актер ажырасу қиын екенін, қиын болса да жарты жылдай уақыт өткенін, еш нәрсе өзгермейтініне көзі жеткенін айтады. 

Сол себепті қоштасудан басқа еш нәрсе қалған жоқ. Жаңа өмір бастау керек. Себебі өмір жалғасып жатыр. Қысқа ғана өмір сүретінімізді білмейміз. Бізге берілген уақытты тиімді, жақсы пайдаланғым келеді. Сол себепті дәл қазір осы жерде ол адаммен қоштасқым келеді,

дейді актер.

Еске сала кетейік, былтыр тамызда Жахан Отарғалиев Instagram-дағы Stories-да «осымен өкінішке қарай бәрі бәтті» деген видео жариялаған еді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago