Categories: Экономика

Активтерін растай алмаған қазақстандықтар байлығын мемлекетке тапсырады

Соңғы 25 жылда сыбайлас жемқорлық әрекеттері арқылы елімізден шамамен 160 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Сарапшылардың пайымы осындай, деп жазады inbusiness.kz.

Енді осындай шетел асқан автивтерді іздестіру, қайтару шаралары арнайы заңмен реттелмек. Мәжіліс құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, активтерді қайтару ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асады. Онымен арнайы құрылған комиссия мен мемлекеттік қор айналыспақ. Оған қоса заңды және жеке тұлғалардың реестрі құрылады.

Егер мониторинг қорытындысы бойынша, құны 100 млн АҚШ долларынан асатын активті сатып алудың заңдылығына байланысты күмән туса, уәкілетті орган субъектіні реестрге енгізу мәселесін комиссияның қарауына шығарады. Ал, күдікке ілінген азамат активтері туралы ақпарат беруге, яғни декларацияны тапсыруға құқылы.

Егер адам декларацияны тапсыру арқылы өз активтерін қайдан алғанын растай алмаса немесе декларацияны табыс етпесе, мұндай активтер негізсіз байлық ретінде танылып, мемлекет кірісіне қайтарылуы мүмкін,

деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago