Оқыс жағдай 30 шілде күні болған.
Алакөлге демалуға барған қазақстандық сол жақ аяғынан айырылып қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған кезде аяғын моторлы қайықтың бұрандасы кесіп кетті.
Зардап шегушіге шұғыл түрде хирургиялық ота жүргізілген. Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 1984 жылы туған ер адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.
«Алакөл аудандық полициясының қызметкерлері аталған факт бойынша іс жүргізумен айналысады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша жүргізіледі. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы ерекше бақылауға алды»,
деп хабарлады Жетісу облыстық ПД.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…