Categories: Қоғам

Қалалықтардың зары: екі-үш жұмыс істесек те жайлы өмірге жете алмай-ақ қойдық

Қымбатшылық жағадан алып тұр. Аш қалмау үшін халық бір-екі емес, тіпті үш-төрт жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Қол қусырып отырған адамды көрмейсің. Ай сайынғы пәтерақы, ипотека, азық-түлік, жүріп-тұруың бар — қанша тапсаң да ай ортасында титықтап қаласың. Бұл қазір Қазақстанда әр отбасыда бар мәселе.

Бір демалыста 12-ге дейін ұйықтап көрмеппіз

Алматылық тұрғын Баян Хасанованың жазуынша, жолдасымен екеулеп жүріп, қос-қостан жұмыс істесе де қымбатшылық бой берер емес. Бұған тіпті ипотека төлемейтіні, пәтер жалдамайтыны да көмектеспейтін көрінеді.

«Кешке компьютерге таласып, қосымша тапсырыс алып, тыным таппаймыз. Екі түйір баламыз бар, пәтер жалдамаймыз. Азын-аулақ несие төлейтініміз болмаса… Соның өзінде қымбатшылықтан әсіресе айдың ортасында қиналып қалып жатамыз. Бір демалыста 12-ге дейін ұйықтап көрмеппіз. Алматыда тұрғанымызға 15 жыл болады. 30 күн толық отпуск алып көрмедік. Негізгі жұмысыңнан демалыс алсаң, қосымша жұмыс тұрады дегендей. Кейде тәулікте 30 сағат болса ғой дейсің. Ұйқытай тұру үшін емес, шаруаңды дедлайнға үлгерту үшін»,

дейді Бану Хасанова.

— Соған қарамастан бізше миллион теңге болатын 2300$ жалақыға жете алмай-ақ қойдық, дейді ол. — Оған тағы «Жалқаумыз» деп өзімізді қамшылаймыз, «ақша жетпейді, жұмысты аз істеп жүрміз бе» деп ойланамыз, кейбір дүниелерге (әсіресе театрға, киноға баруға, үй шаруасына) үлгермегеніміз үшін өзімізді іштей жейміз.

Айтуынша, мұндай арпалыста жастардың, әсіресе, шығармашылықпен айналысатындардың арқаны кеңге салып, жайланып отырып, үлкен дүниелерді өмірге әкелуге мұршасы жоқ.

Астанада да сол жағдай

Қиын тұрмыс астаналықтарды да бекер жатпауға үгіттейді. Бұл туралы жазушы Зира Наурызбаева жазды. Ол «қазақ жігіттері еріншек» деген әңгіме қайдан шыққанын түсінбей, дал. Айтуынша, оның барлық досы мен туысы 2-3-4 жұмыста істеп жүр.

«Айналамнан жалқау адамдарды көрген емеспін. Барлық досым, қайындарым отбасын асырау үшін, ипотека немесе жалдаған үйінің ақшасын беру үшін 2-3-4 жұмыс істеп жүр»,

дейді ол.

Австралиялықтармен онлайн жұмыс істейтін қызы оларға таң қалатын көрінеді: австралиялық жастар жұмыстан тыс уақытта ешқашан жұмыс істемейді, жұмыс кезінде де зорығып жүргендерін көрген емес.

«Олардың қасында біз әлдеқайда еңбекқормыз».

Ақша тапқанына риза

«Қазақ жігіттері 100 келі кітіп қораптарын бірер минутта бесінші қабатқа шығарып береді. Тосап қайнатуға жеміс алсам екі шелегін жоғары қабатқа көтеріп әкеліп береді. Барлығы ақша тапқанына риза», — деп жазды ол.

Жігіттер таңның атысы, кештің батысы жұмыс істеп жүгіріп жүр. Оларды тағы жалқау деп айыптау – әділетсіздік екенін айтады.

«Жақында кілемдерімді жууға бердім. Өздері бесінші қабаттан алып кетті, алып келді. Уәделескеніміздей сағат 21:00-де емес, 22-23-те әкеп берді. Әрине, уақытылы әкелмегені дұрыс емес, бірақ олардың түнге дейін жұмыс істейтінінен хабар береді», — дейді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago