Categories: Галерея

«Ғаламшар ханымы» атағын 34 жастағы ресейлік әйел жеңіп алды

Удмуртиядан келген 34 жастағы ресейлік әйел 120 елден келген бәсекелестерін жеңіп, «Ғаламшар ханымы» сұлулық байқауында жеңіске жетті. Сұлулық байқауы Болгария астанасы Софияда өтті, деп хабарлайды РБК.

«Ғаламшар ханымы — 2022» атағын Удмурт Республикасының тұрғыны, 34 жастағы Елена Максимова жеңіп алды. Іс-шара Софияда 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өтті.

Осындай маңызды байқауда ел атынан шығу мен үшін үлкен мәртебе және жеңіспен оралғаныма өте қуаныштымын. Ресейге жеңіс әкелген алғашқы қатысушы болу өте керемет сезім,

деп бөлісті Максимова.

Елена Максимова Удмурт Республикасында дүниеге келген. Қазір Ижевскіде тұрады, онда тіл орталықтарының желісін басқарады. 2021 жылы «Ресей-Ғаламшар екінші вице-ханымы» атағын жеңіп алған.

«Ғаламшар ханымы-2022» финалына Беларусь, Украина, Үндістан, Қытай, Жапониядан келген 120 қатысушы қатысты. Бұл халықаралық байқау 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Максимовадан кейін екінші орынды Вьетнамнан, үшінші орынды Венесуэладан, төртінші орынды Үндістаннан, бесінші орынды Оңтүстік Кореядан келген сайыскер иеленді.

«Ғаламшар ханымы» байқауының критерийлеріне сәйкес, қатысушылар өтініш берген кезде кемінде 18 жастан асқан, тұрмыстағы, сондай-ақ байқауға қатысатын елдің тұрғындары болуы керек, делінген конкурстың ресми сайтында.

Ресейдің туристік ақпарат алмасу жүйесінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Удмурт Республикасы — Ресей Федерациясының субъектісі (федеративті мемлекет құрамындағы республикалардың бірі). Волга федералды округіне қарасты Орал Экономикалық ауданының құрамына енеді. Аймақтың астанасы — Ижевск қаласы. Ижевск пен Мәскеу арасындағы қашықтық — 1129 км.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago