Қазақстанда «Алас» атты мифологиялық хоррор жанрындағы веб-сериал шығады.
Аса ауқатты отбасы балалы болу үшін Рахия есімді сурагат ана жалдайды. Олар осы оқиғаны жақындарынан жасыру үшін оны алып, қала шетініндегі үйлеріне кетеді. Ортақ балаларына жағдай жасау үшін осындай шешімге келген отбасының көзқарастары үйде болып жатқан орынсыз оқиғалардан кейін өзгере бастайды. Рахия үйдің ішінде жағымсыз тылсым күштің барын сезіп, оларды қалаға қайта көшіруге үгіттейді. Дегенмен екеуі Рахияны есінен ауысты деп ойлап бұл шешіміне қарсы келеді. Үйде қандай тылсым күш бар және неліктен Рахияны мазалап жүр?!
Сериалды түсірген Salem social media компаниясының директорының айтуынша, Алас — қазақ мифологиясы тақырыбы қозғалған алғашқы фильм.
Біз қорқынышты жанрға үлкен дайындықпен келдік. Төрт жыл бойы біз осы жанрға ену үшін әртүрлі сюжеттер әзірледік. Жаһандық киноиндустрияда мифтер мен аңыздар өте танымал және кеңінен қолданылатындықтан, бізді де осы бағыт қызықтырды. Бірақ бәрін қайталағымыз келмеді. Сондықтан алғашқы хоррорды бұрын-соңды еш жерде қозғалмаған қазақ мифологиясына қатысыты тақырыпты таңдадық. Енді біз шет елдік нарыққа өзіміздің наным-сенімімізбен шығуыға дайынбыз,
деді Рустам Юсупов.
Веб-сериал 8 бөлімнен тұрады
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…