Фото: ашық дереккөзден
Өткен аптада ғана еліміздің Тәуелсіздік күні алғаш рет жаңа форматта, даңғаза той түрінде емес, тәуелсіздік үшін жандарын қиған қаһарман жастарымыздың рухтарына дұға жасап, еске алу түрінде атап өтілді. Бұл шешімді «Ақ жол» партиясы дұрыс деп санайды. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні 86 жылдың желтоқсанында алаңға шыққан қайсар жастармен бірге тәуелсіздік үшін күрескен, осы ұлы міндетке қызмет еткен батырларымызды да еске алғанымыз жөн.
Алаш Республикасының құрылған күні 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өту керек. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов айтты.
Қазақ хандығы 1847 жылы мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткеннен кейін араға тура 70 жыл салып, 1917 жылдың желтоқсанында сол Қазақ хандығының жер аумағында Алаш ұлт-азаттық қозғалысы заманауи Қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтеріп, осы жылдың 5-12 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш орда ұлттық кеңесін жасақтап, үш баламалы үміткердің ішінен (Айдархан Тұрлыбайұлы, Бақытгерей Құлманұлы) көпшілік дауыспен Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.
Бұл туралы Әлімхан Ермеков «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы санында: «…Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді…» деп жазған болатын.
Іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда ХХ ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының рөлін ерекше атап өтуіміз керек. Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды.
29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын. Алайда Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғанын айтты. Өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да атаусыз қалды. Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің «Ақ жол» партиясы ғана түрлі іс-шара аясында атап өтті,
деп айтты депутат Берік Дүйсенбинов.
Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…