Categories: Қоғам

«Алаш күні». Тарихи әділдікті орнататын күн жетті

Өткен аптада ғана еліміздің Тәуелсіздік күні алғаш рет жаңа форматта, даңғаза той түрінде емес, тәуелсіздік үшін жандарын қиған қаһарман жастарымыздың рухтарына дұға жасап, еске алу түрінде атап өтілді. Бұл шешімді «Ақ жол» партиясы дұрыс деп санайды. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні 86 жылдың желтоқсанында алаңға шыққан қайсар жастармен бірге тәуелсіздік үшін күрескен, осы ұлы міндетке қызмет еткен батырларымызды да еске алғанымыз жөн.

Алаш Республикасының құрылған күні 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өту керек. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов айтты.

Қазақ хандығы 1847 жылы  мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткеннен кейін араға тура 70 жыл салып, 1917 жылдың  желтоқсанында сол Қазақ хандығының жер аумағында Алаш ұлт-азаттық қозғалысы заманауи Қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтеріп, осы жылдың 5-12 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш орда ұлттық кеңесін жасақтап, үш баламалы үміткердің ішінен (Айдархан Тұрлыбайұлы, Бақытгерей Құлманұлы) көпшілік дауыспен Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Бұл туралы Әлімхан Ермеков «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы санында: «…Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді…» деп жазған болатын.

Іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда ХХ ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының рөлін ерекше атап өтуіміз керек. Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды.

29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын. Алайда Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғанын айтты. Өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да атаусыз қалды. Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің «Ақ жол» партиясы ғана түрлі іс-шара аясында атап өтті,

деп айтты депутат Берік Дүйсенбинов.

Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

4 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

5 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago