Categories: Экономика

Алаяқтар енді үлкен компанияларға «ауыз сала» бастады

Бұл олардың шыңдала түскенін көрсетеді. Алып ұйымдардың ақшасын қағып алуды көздеген әккілер қорғансыз, тіпті, кей жағдайда қаржылық сауаты жоқ қарапайым адамды оңай «шағып» алары белгілі, деп жазды Қаржылық сауат арнасы.

Алыста отырған алаяқ бар арам ойын телефон арқылы шешуге тырысады. Өйткені қоңырау қабылдаған адам абдырап қалуға бейім. Алаяқтар көп жағдайда сол әлсіздікті ұтымды пайдаланып кетеді. Енді алаяқтар жәй адамдарды қойып, компаниялардың есепші мамандарын мазалай бастаған.

Бұл алаяқтық туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) хабарлап отыр. Қылмыскерлердің жаңа схемасын әшкерелеген ғой. Қордың ақпаратына сүйенсек, олар өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырады екен.

Яғни, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, қатардағы қызметкердің зейнетақы шоты бұғатталғанын хабарлайтын көрінеді. Бұғаттан шығару үшін компания берешек соманың жартысын болса да салуға тиіс дегенді алға тартады. Басқа жағдайда зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін компанияға айыппұл салынады деп қорқытады.

Белгілі бір сомманы салғызу үшін бухгалтерге шот ұсынады, ал ол түптеп келгенде алаяқтардың шоты болып шығады,

Олжас Есжанов, «БЖЗҚ» АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы.

Зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен уақытылы жүргізілуін Қор емес, салық органдары бақылайды. Зейнетақы жарналарын ұзақ уақыт бойы төлемеген жағдайда Қор қызметкерлері салымшыларға төлем жасамау себебін анықтап, қажетті кеңес беру мақсатында ғана қоңырау шала алады. Қор қызметкерлерінің қаражатты белгілі бір шотқа аударуды талап етуге құқығы жоқ. Кез келген ақыл-кеңесті Қор бөлімшелерінен де, қашықтан да алуға болады.

Абырой болғанда, Қазақстанда мұндай алаяқтарға алданған компания жоқ екен. «Қаржылық сауат» «БЖЗҚ»-ға сауал жолдап, ел ішінде ондай фактінің тіркелмегенін білді.

Бұл енді логикаға да келетін нәрсе. Себебі компанияларда жұмыс естейтін мамандар қаржылық тұрғыда сауатты келеді. Бірақ, оларды алдауға әрекеттенген алаяқтарға қатысты фактінің тіркеліп жатқаны рас. Сондықтан кез келген жағдайда сақтық ережелерін ұстанған дұрыс.

Тағы да қайталай кетсек, БЖЗҚ функциясы – қандайда бір компаниядан зейнетақы жарнасын төлеуді талап етуден тұрмайды. Мекемелер тарапынан зейнетақы жарналары уақытында төленіп жатыр ма, жоқ па – оны салық органдары бақылайды. Қосымша сұрақ туындаса, Қордың ресми аккаунттары барлық әлеуметтік желіде бар. Байланысып, ақыл-кеңес түрінде көмек сұрауға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago