Фото: ашық дереккөзден
Фейсбуктан 533 млн адамның мәліметі қолды болғанын естіген шығарсыздар?
Оның 3 214 290-ы қазақстандық номермен тіркелгендер.
Ол жерде: адамның аты-жөні, телефон номері, фейсбук id номері, жынысы, туған қаласы және қазір тұратын қаласы, жұмыс орны, туған күні, отбасылық жағдайы жазылған.
Жалпы айтқанда негізгі ашық мәліметтер. Бірақ тек телефоны енгізілгендердікі ғана жинақталған. База 2019 жылы жиналған, алғаш рет ашық түрде 14 қаңтар 2021-де айтылған, хакер форумдарында ақысына сатылған, кешеден бастап ашық ресурстарға тегін шығып кетті.
Енді не болады?
Менің ойымша мұндай құнды база түрлі SMS маркетингі үшін сатылады. Яғни номеріңізге су фильтрі сататындардан басқа қоңыраулар келеді, түрлі компаниялардан SMS-тер дегендей. Одан бөлек алаяқтар үшін таптырмас қазына. Телефонмен болсын, былай болсын, адамдарға өздері туралы кей мәліметтерді айтқан кезде сеніп қалады әлбетте. Сондықтан банк қызметкері кейпіндегі алаяқтықтар қайта өршуі мүмкін.
Аршат Ораз.
Енді не істейсіз? Ештеңе. Жалма-жан мәліметтеріңізді жасыруға асығарсыз бәлкім? Бірақ 2019-дан бері талай нәрсе ұрланған болуы да мүмкін. Сондықтан ақырындап дәстүрлі желіден қауіпсіз жерлерге кетуді ойластыра бастағаныңыз жөн. Сондай-ақ алаяқтарға алданбауды үйреніңіз, иммунитет қалыптастырыңыз. Жалпы интернетте жеке мәліметтерді ашық бөлісуді азайтыңыз. Екі түрлі номер ұстаңыз: біреуін тек жұмысқа қатысты, біреуін жақын адамдармен байланысқа. Дәл солай екі түрлі email қолданыңыз: жұмысқа және тіркелулерге. Құпиясөздерді барынша қиын және әр түрлі қылуға тырысыңыз.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…