Фото: polisia.kz
55 жастағы алматы тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, оларға 80 мың долларға жуық ақша берген. Ол бір апта бойы шабуылдаушылардың талабын орындап келген.
21 қазанда алаяқтар әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған. Бірі өзін банк қызметкері, екіншісі полицей ретінде таныстырыпты. Олар әйелдің шотына белгісіз біреулер шабуыл жасағанын хабарлап, жинаған ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп береміз деп айтқан.
Олар ақшаны сақтап, «банк маманына» аударуды ұсынған. Яғни қауіпсіз шотқа саламыз деп сендірген. Осыдан кейін әйел бейтаныс адамға 74 мың 707 доллар мен 1 миллион 337 мың теңгесін берген.
Келесі күні «банкирлер»әйелге қайта телефон соғып, 2 миллион теңге көлемінде несие алуға көндірді. Ол алаяқтардың талабын орындайды.
Тек 1 қарашада ғана әйел алаяқтық құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді,
дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы құрылды.
Полицейлер1998 жылы туған С. есімді жігітті, 1996 жылы туған А. есімді жігітті және 1995 жылы туған С. есімді Ресей азаматын ұстады. Күдіктілердің жалға алған кеңсесінде әртүрлі банктерде ашылған 52 банк картасы мен 20 ұялы телефон нөмірі табылды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…