Categories: Қоғам

Алаяқтық пен ұрлық. Қазақ кәсіпкерлері жиі жасайтын тірлік

ҚР-да үш тоқсанда алты жүзге жуық кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылықпен ұсталды.

Биыл қаңтар–қыркүйек айларында 596 жеке кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,7% аз.

Құқық бұзушы кәсіпкерлердің көбі Алматы және Қостанай облыстарында болды — әр облыста 55 адам, былтырғымен салыстырғанда тиісінше 3,5% азайған және 19,6% көбейген. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы (50 адам, 3,1 есе көбейген) мен елорда (46 адам, 17,9% азайған).

Секторда құқық бұзушылардың ең аз саны Маңғыстау және Қызылорда облыстарында — әрқайсысы 12 адамнан тіркелді, дейді Finprom сарапшылары.

Көбіне ҚР кәсіпкерлері меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады: бұл бойынша 194 адам ұсталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,1% аз. Мұнда ең көп тарағаны алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру және ұрлық.

Одан кейін сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар тұр: мұндай қылмыстар бойынша 99 адам ұсталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 65% көп. Мұнда құқық бұзушылардың басым бөлігі пара алу (54 адам) немесе пара беру (40 адам).

Ең көп тараған қылмыстық тағы бір түрі экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: 98 құқық бұзушы, былтырғыдан 27,4% аз. Мұнда көбіне жалған шот-фактуралар, сондай-ақ салық төлеуден жалтару немесе қаржылық пирамида құру.

Құқық қорғаушылар кәсіпкерлерге жазаны жеңілдетуді, яғни қылмыстық жазаны айыппұлмен ауыстыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Хабар24. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жазалардың 97%-ы қылмыстық баптар бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты. Оның орнына Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бизнесмендерге өздері таппақ болған табыстарынан 2-3 есе артық төлем жасауды ұсынды.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

20 минут ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

28 минут ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

37 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

1 день ago