Әлеуметтік желіге шолу

«Алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды» деген Ринат Заитовтың басы дауға қалды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым — намаз оқитындар, деп мәлімдеді. Бұл туралы депутат «Adyrna» ұлттық порталына берген сұхбатында айтты.

Өтірік десе бетіме бассын. Тіпті қарапайым базарға барыңыз, басқа жерге барыңыз «Алла» деп тұрып адам алдап жатыр. Онда жанашыр адамдар осыны түзетсін,

деді ол.

Бұдан кейін Заитовқа әлеуметтік желілерде көрермендер тарапынан шабуыл басталған көрінеді. Ең алғаш болып депутаттың сөзіне актер Нұртас Адамбай шүйлікті.

Біздің еліміздегі алаяқтық әрекеттердің 80%-ын намаз оқитын адамдар жасайтыны туралы сөздеріңізге дәлелдер келтіруді сұраймын. Әйтпесе, мен сізді мылжың деп қабылдаймын. Ал мылжыңдарға парламентте орын жоқ. Аллаға сенушілерге күйе жағатын сөздеріңізге дәлел келтірмесеңіз, депутаттың креслоны босатып, оны лайықты адамға беруіңізді сұраймын. Өз сөздері үшін жауап бере алмайтын адамдар заң шығарушы биліктің атынан сөйлей алмайды,

деді Адамбай.

Әлеуметтік желі қолданушыларының қысымына шыдамаған Ринат Заитов өз парақшасында ешкімнен қорықпайтынын ескертті.

Кейінгі екі күнде маған қарай екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды. Оны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019-ыншы жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы, осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі — мені қорқыту, екіншісі — менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу. Сөз жоқ ақылды жүріс. Екеуінің біреуіне жеткенше, олардың тоқтамайтынын да білемін. Тәуекел. Маңдайға жазғанын көреміз…,

деп жазды депутат.

Алайда депутат ешкімнің алдында тізерлеп кешірім сұрамайтынын, бес жыл депутаттық мерзімді адал атқарып шығуға дайын екенін жеткізді.

Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатым мен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында. Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын,

деді Ринат Зайытов.

Халық қалаулысы әлеуметтік желі арқылы хат жазып, “қорқытпақшы болып жатқан батырсымақтар” да бар екенін меңзейді.

Сендерден шошып жүретін жағдайым жоқ. Аптасына бес күн жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Қылатындарыңды қылып алыңдар. Оққағарым да, сендер айтқан «братвам» да жоқ. Сенгенім бір Құдай,  

деп түйіндеді депутат.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago