Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Алексей Цой медицина мен басқару саласында жоғары класты кәсіпқой тұлға. Медициналық және заңгер мамандығын алған, іскери әкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Sels College (Лондон) тәмамдаған, Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей ауыл шаруашылық және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының корпоративті басқару жоғары мектебін пен Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.

2007-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының Қазіргі заманғы медициналық технологиялар орталығын басқарды.

2010-2011 жылдар аралығында «ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы болды.

2011-2014 жылдар аралығында – Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері.

2014 жылдан – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago