Дін

«Аллаху акбар!» деп айғайлаған: имам мешіттегі жағдайды түсіндірді

Желіде бір топ адам мешітте «Аллаху акбар» деп айғайлап жатқан видео тарады. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды AtyrauPress басылымы.

Имамның сөзінше, бұл жағдайдан қорқудың немесе оны саясиландырудың қажеті жоқ.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, елімізге белгілі исламтанушы Нұрсұлтан Рысмағанбет өңірімізге бір күндік іс-сапармен келген еді. Ол Атырау қаласындағы бірнеше мешітте жамағатпен кездесіп, қоғамға пайдалы болу, білім алу, іздену, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірінен өнеге тақырыптарында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Иманғали» мешітінде жамағатпен кездесуде ол «Қоғамға пайдалы болу» тақырыбында насихат айтты. Ал осындай белгілі ұстаздың Атырауға келгеніне қуанған жергілікті жамағат қуаныштарын жасыра алмай, Алланы ұлықтап, тәкбір айтты. Мұны біреулер әлеуметтік желіде басқаша жеткізіп жатыр. Бұл түсініспеушіліктен туындаған мәселе деп ойлаймын. Шын мәнінде «Аллаһу әкбар!», яғни, «Алла ұлы!» деп жаратқанның есімін ұлықтау бұған дейін де бар нәрсе. Балаға азан шақырып ат қойғанда да, үлкендер бата бергенде де соны айтады. Бұдан қорқудың немесе саясиландырудың қажеті жоқ. Мәселен, қуаныш немесе мақтаныш сезімін біреулер қол шапалақтап білдіріп жатса, атыраулық жамағат Алланы мадақтау арқылы білдірді», — дейді ол.

Нұрсұлтан Рысмағанбетпен кездесуге келген атыраулықтар саны 5 мыңға жуықтаған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago