Categories: Қоғам

Алма-Арасанды қалай өлтірдік?

«Алма-Арасан» шатқалындағы өрт қауіпсіздігі, тазалық, экология, жол мәселесі шешілудің орнына ушығып келеді.

Туризмді дамыту, экология мәселесі, инфрақұрылым. Әбден жауыр болған сөздерден ел азаматтары жыл сайын шаршай бастады. Қадағалаушы органдар көп болса да «Алма-Арасан» шатқалындағы өрт қауіпсіздігі, тазалық, экология, жол мәселесін әлі күнге шеше алмай келеді. Бір сөзбен айтқанда, масқара жағдай, деп жазады Zhatpa.kz

Оған әр жерге отыра қалып от жағатын, әр учаскеде тазалаушы дворник жүргендей қоқыс тастап кететін демалушылар да қосылды. Өрттің экологияның басты жауы екенін, әдемі табиғатымыздан айрылып қалу қаупі бар екенін өкінішке орай көп адамдар түсінбеуде.

Өткен жексенбіде, 23 сәуірде сағат 16:30 шамасында, қар көшкіні қаупіне байланысты Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылғанына қарамастан, сол жабық учаскеде өрт шықты. 500 шаршы метр аумақта ағаштардың өртену себебі әлі аталмады. Өртпен күресуге 75 адам мен 18 техника тартылды. Оның ішінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері, 7 техникасы және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 6 техникасы, «Іле Алатауы» ұлттық паркінің 19 қызметкері мен 5 техникасы болды.

Келесі күні өрттің салдарын көргіміз келді, бірақ қар көшкінінің жағдайына байланысты бізді посттан өткізбей қойды. Қайта оралсақ, дүйсенбіге қарамастан, табиғатта демалушылардың өте көп екенін байқадық. Олардың барлығы барбекю немесе кәуап жасау үшін от жағып жатты. Дүйсенбіде бұлай болса, демалыс күндері не болатынын көзге елестету қиын. Шатқалда бұған көзіміз жетті. Ет қуыруға арналған арнайы құрылғылар жоқ. Көпшілігі тастардың арасында от жағады. Бұл өте қауіпті.

Алма-арасанда осыдан үш жыл бұрын да үлкен өрт болған. Жалпы, шатқал кез-келген уақытта тағы да өртенуі мүмкін. Неге? Шатқалға келген кез-келген адам от жағуды әдетке айналдырып алғанын үстінде жазғанбыз. Әр метр жүрген сайын үңірейген ошақтың іздерін көрдік. Әр күйік ошақтың айналасы қоқыс.

Жалпы, қоқыс – «Алма-Арасан» шатқалының жылдар бойы келе жатқан трагедиясы. Проблема – сол қоқыс тастайтын келушілер мен оның тым сылбыр жиналуында. Көзге көрініп тұрған жолдың бойы таза болса да, кез-келген ағаштың түбіне кіре қалсаңыз, жылдар бойы жиналмай жатқан қоқысты көрер едіңіз. Мұндайды, көзбайлаушылық дейді.

Жалпы, Алма-Арасанда жұмысты бір-біріне итеру, сен істе, ол істесін деген принцип бар сияқты. Мысалы, кафе-дүкеннің айналасындағы жолды кім реттеу керек, қоқысты кім жинауы керек? Кәсіпкерлер әкімдік пен ұлттық паркке сілтейді. Ал құзырлы мекемелер өз кезегінде пайда тауып отырған кәсіпкерлер жолді жөндеп, қоқыс жинасын дейді. Осылай «футбол» ойнап жүргенде, бүкіл инфрақұрылым жойылып, тау шатқалы қоқыс полигонына айналып барады.

Жол бойындағы дүкенге кіріп мұндағы жатқан қоқыстардың кім тастайды, кім  жинайды дегенді сұрадық. Сөйлескен 20 минуттың ішінде бірнеше адам сауда жасап үлгерді. Демек қазір осы адамдардың барлығы тұтынып болған соң,  жинамай далаға тастап кететін болса, шындап шошитын жағдай дегенді ойлап үлгердік.  Адамдардың жеке бас мәдениетінің төмендігінен әсем табиғат қоқысқа көміліп жатыр дейді.

«Алма-Арасандағы» жол мәселесі ушығып тұр. Жолдың шұрқ тесіктігі таң қалдырды.

Алма-Арасан – жылдың кез келген уақытында қала тұрғындары үшін ең танымал демалыс орындарының бірі. Табиғатымызды көрсету үшін қонақтарын әкеліп, Қазақстанның көрнекті белгісіне айналған жер. Бірақ, өрт, қоқыс, жол мәселесі шешілмегендіктен, ол осы статусынан айрылып қалуы мүмкін.

Алма-Арасанды неге осындай аянышты күйге түсірдік? Табан астындағы табиғат тамашасын сақтай алмасақ, елдігіміз қайсы?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago