Алмат Сақатов: «Бір тойда екі бөтелке арақ ішіп қоятынмын»

Танымал актер Алмат Сақатов “Базарlike” бағдарламасында белді театр тараған соң рухани күйзеліске түсіп, арам сумен дос болғанын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Бауыржан шоу» театры тараған соң рухани күйзеліске кіріп кеттім. Қазақстандағы белді театр жәй ғана жоқ болып кетті. Басқа қайда барасың? “Тамашаға” бара алмайсың, себебі ол кездері “Бауыржан шоудан” төмен тұрды. “Шаншарға” бара алмайсың, өздерінің жігіттері бар, оның үстіне Шымкентке бару керек болды. Той көп болды, мен асабалық қызметте жүрдім. Бір тойға 3-4 мың доллар аласың. Жұма сайын 2-3 той болады. Ақша бар, киім бар, тамағың тоқ, бірақ мида ешқандай жұмыс жоқ. Сөйтіп іше бастадым. Апталап үйге келмейтінмін. Асаба боолсаң ештеңе ойламайсың, костюм шалбарыңды кидің, тойын өткіздің ақшаңды алдың, кеттің. 3 мың доллар саған бір айға жетеді, ал сен жұмасына 2-3 той өткізесің. Мен жатып алып, апталап ішкен жоқпын. Тойға барамын сонда бірінші үстел үстіндегі араққа көзім түсетін. Тойымды жақсы өткіземін. Бірақ бір тойда екі бөтелке арақ ішіп қоятынмын. Ішкенде салынып, жан-жағымды жайпап, лақтырып, сындырып, үйдегіні сатқан жоқпын. Менде бәрі өз орнымен болатын. Ақшамды тауып келемін, сол ақшаға өзім ішемін. Достарым көп болды, үйге де ақша беріп отырдым”, – дейді Алмат Сақатов.

Актерді күйзелістен кинодағы рөлі алып шыққан.

“Сөйтіп жүрген кезде Ақан Сатаевтың жанындағы Жайна Абдиева деген режиссермен кездестік. Ол маған хабарласып: “Қарашаңырақ” деген сериал түсіреміз. Сондағы бір рөлге сізді шақырайық деп едік” деді. Жиналып, жуынып, шәйініп, сценарийді оқып қарасам ұсынған рөл маған келеді екен. Солай “Қарашаңырақ” сериалына түстім. Түсірілім ақпан айында басталып, тамыз айында аяқталды. Сонда менің қыдыруға, демалуға уақытым болмады. Киноның не екенін мен сонда көрдім, ғашық болдым. Сөйтіп мен күйзелістен шықтым”, – дейді актер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago