Categories: Саясат

Алматыға әкім болатын адам емес екені баяғыдан-ақ түсінікті еді

Тоқаев мырза, бүкіл халық Досаев кетсін десе де, кетірмейсіз. Неге? Алматыға әкім болатын адам емес екені түрінде де, көзінде де тұр ғой…

Алматыға әкім болатын дені дұрыс адам жоқ па?

Автобустарды өтірік қымбат бағаға алғаны бер жағы ғой… Қытайда бір автобустың бағасы — 83 400 АҚШ доллары тұрады. Ал біздікілер одан да асып түсті — 164 000 доллар.

Алматының жолдарын қалай жөндеп жатқанын айтсаңшы…

Бір ғана мысал:

Бөкейханов-Рысқұловтағы көпірдің бес «шовын» бес адам, бір техникамен бес ай жасады. Рысқұлов-Күдериндегі көпірдің үш «шовын» үш адамның жасап жүргеніне үш ай болды. Қашан қарасаң, әлгі үшеуі сылбыр жыбырлап, бірдеңені шұқылап жүреді әйтеуір…

Күндегі кептелісті сіз көрмейсіз, сағаттап кептеліп тұрмайсыз, әрине. Сол себепті сізге Алматыға кім әкім болса да бәрібір шығар, деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Орталықтағы теп-тегіс 5-6 көшенің бетін 2 см қырып тастап, 2 см асфальтты қайта төсеп шығу — Алматы әкімдерінің атасынан мұра боп қалған атакәсіптері. Ол мәселе туралы айтып ауыз, жазып қол талған.

Жол жасағыш болса, тым болмаса, Шаңырақ пен Боралдайдың көшелерін жасасын. Бомба түскен Украина жеріндей боп жатыр. Ондай жолдар жетіп артылады, бірақ соқыр әкімдер ол жақпен жүрмейді, жүрмеген соң, көрмейді. Өздері жүретін көшелерді ғана жылда жалап жатады әйтеуір. Халық күл болмаса, бұл болсын дейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago