Алматы Қаңтар оқиғасынан кейін толығымен қалпына келтірілді – Тоқаев

Мемлекет басшысының Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі басталды.

Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті. Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беремін,

деді Президент кездесудегі сөзінде.

Сонымен қатар Президент Алматы «Қасіретті қаңтардан» кейін толығымен қалпына келтірілгенін жеткізді.

Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Алматы «Қасіретті қаңтардан» кейін толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты түрде дамуда,

деді Мемлекет басшысы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago