Categories: Білім

Алматы академиясында киберполиция қызметкерлері дайындалады

Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы киберқауіпсіздік мамандарын дайындайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап ведомстволық ЖОО-да «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» секілді жаңа бағыттар бойынша ішкі істер органдарының кәсіби кадрларын дайындай бастайды.

Соңғы жылдары тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде киберқылмыс, интернет-алаяқтық белең алды. Осы қылмыстарға тиімді қарсы тұру керек екенін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмысты ашу және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар «киберпол» деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз. Сондай-ақ академияда киберзертхана мен киберполигон ашылған,

деді спикер.

Ержан Бимолданов сондай-ақ академияда артықшылық ретінде тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету, тұрғылықты жеріне бару мен кері қайту (пойызбен) болатынын айтты.

«Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең. Оқуды аяқтаған соң, түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер бакалавры» және «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бакалавр» біліктіліктері бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сонымен қатар «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі«, — деді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago