Қоғам

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру  және пробациялық қызметтің бақылауына алынған сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында  15-22 тамыз аралығында   «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар туралы мәліметтерге соттармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен салыстыру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының пробация қызметінде 2600-ден астам сотталған адам есепте тұрады, оның ішінде 9 кәмелетке толмаған сотталған бар. Соның ішінде  Алатау ауданы пробациялық қызметінің есебінде 720 адам тұр.

Жедел іс-шара кезінде сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру Полиция департаменттерінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп атқарылуда. Сондай-ақ аталған іс-шара кезіндегі міндеттерді орындауға пробация және полиция қызметтерінің жеке құрамы да көптеп тартылуда.

Осындай біріккен жұмыстардың нәтижесінде «Пробация» жедел іс-шарасы жүргізілген күннен бастап бүгінгі күнге дейін   83 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 48 адам тұрғылықты жері бойынша болмаған немесе пробация қызметінің қызметкерлерінің хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырған. Сондай-ақ, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуінің, оның ішінде уақытша тіркеуінің болмауы сияқты басқа да құқықбұзушылықтар анықталды.

Фото: Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago