Қоғам

Алматы хостеліндегі қайғылы оқиғадан кейін елдегі жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

Астанада жертөледе орналасқан 20 жатақхана ТЖМ өкілдері тескерді. Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі хостелдерді жапа-тармағай тексеріп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

ТЖ өкілдері кірген хостелдердің ешқайсы құрылыс және санитарлық нормаларға мүлдем сай келмейтінін анықтаған. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Не өрт сөндіру құрылғылары жоқ, не желдеткіш жүйесі мүлде қарастырылмаған.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, тілсіз жау тұтана қалса, сыртқа шығатын терезелерін темір қоршаумен шегелеп бекітіп тастаған.

Мұндай хостелдердің иелеріне төтенше жағдайлар департаменті айыппұл да сала алмайды. Төтеншеліктердің сөзінше, кәсіпкерлерді тексеруге уақытша мораторий жарияланғандықтан, көбіне қожайындары ескертулерді елемейді екен.

Астана қаласының әкімдігінің ресми мәліметі бойынша 80 хостел Астанада орналасқан. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес хостел иесі немесе басқа адам бізге тексеру туралы арыз берсе, біз мән-жайын айтып береміз,

деді Астана ТЖД басқарма бастығы Мадияр Мырзагелдиев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago