Алматы көшелерін су басу мәселесін қайтпек керек? Әкім түсіндірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауданда үнемі су басатын 12 учаске бар екенін айтты.

Оның айтуынша, Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылайхан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сонымен қатар Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторға қосылды.

Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 километр коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 километр жаңа арық желісі мен 1,6 километр канал саламыз,

— деді ол

Алматы әкімінің айтуынша, осы айда әкімдік 52 учаскеде 34 километр арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайды. 2024 жылдың соңына дейін жұмыс аяқтау жоспарланып отыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

13 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

20 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

20 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

20 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago