Алматы әкімдігі белсенділерге 8 наурызда митиң өткізуге рұқсат бермеді

Алматы әкімдігі феминистерге халықаралық әйелдер күні қарсаңында митиң және шеру өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі 8marchkz парақшасы хабарлады.

Қала әкімдігі 8 наурызда басқа шара өтетінін хабарлаған.

Белсенділер 20 желтоқсан күнгі жазбасында шерудің 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, жыл сайын ұйымдастырушылардың кедергіге ұшырайтынын (мысалы, полицияның ұйымдастырушылардың үйлеріне барып, өтініштен бас тартуға мәжбүрлеуі және тағы басқа) баяндаған.

Бұл жолы әкімдік Алматыда бейбіт жиынға бөлінген төрт орында 8 наурызда өтетін шаралар бекітіліп қойғанын алға тартып, рұқсат бермеді. Әкімдіктің тұжырымдауынша, өтінішті «Еріктілер лигасы» түсірген. Билік олардың 8 наурызға жоспарланған үш митинг және 5 шақырымға созылатын шеруін мақұлдаған. Мерзіміне қарағанда, біздің митинг және шеру өткізу туралы хабарламамыз түскен күнмен сәйкес келеді, —

деп жазды белсенділер.

«Еріктілер лигасы» «Власть» басылымына 2023 жылдың 8 наурызында еріктілікпен айналысып, «адамдарға көмектесетінін» айтқан. Алайда митинг және шеру өткізетінін растамаған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago