Фото: ашық дереккөзден
Алматы қаласы әкімдігі «Феминита» ұйымына «Қазақстан әйелдері зорлыққа қарсы» атты бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді.
«Феминита» феминистік бастамасы Алматы әкімдігіне 9 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов алаңында бейбіт митинг өткізгісі келетінін айтып, ескерту хатын жолдаған, деп хабарлайды Мasa.media.
Бүгін, 4 желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Аманжол Мұсаев Жанар Секербаеваға хабарласып, 9 желтоқсанда Уәлиханов алаңында кезекті жөндеу жұмыстары жүретінін айтқан. Яғни, әкімдік зорлық-зомбылыққа қарсы митингіге рұқсат бермеді,
деп мәлімдеді «Феминита» инстаграм парақшасында.
Әкімдік өкілі митинг өткізуге арналған Сарыарқа кинотеатрының маңында мәдени-қоғамдық шара жоспарланғанын айтқан. Сондықтан феминистер Махатма Ганди паркінде митинг өткізуді сұрап, әкімдікке тағы да ескерту хатын жолдаған.
Бұған дейін Алматыда билікшіл «Жаңа Адамдар» ұйымы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткізген. Ол митингке феминистік белсенділер жіберілмегені жөнінде ақпарат тараған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…