Алматы әкімдігі күдікті зерттеуге 93 млн теңге жұмсамақшы

Қала билігі бюджетте ақша жоқ деп балалар спортын қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

Қарапайым азаматтың мойындауы екіталай нәтижеге қатысты күмәнді зерттеуге Алматы әкімдігі 93 миллион теңге бөлді. Бұл не туралы? Inbusiness.kz сайтының хабарлауынша, Алматы қалалық мобильді басқармасы автобустардың барлық жолағындағы транспорттың доңғалақ ізі түсуін азайту үшін кешенді зерттеу жүргізуді тапсырды.

Зерттеудің мақсаты – автобус жолақтарындағы, аялдамалардағы, Алматы көшелері қиылысындағы доңғалақ ізінің пайда болу себебін анықтау. Оған қоса, далалық, зертханалық зерттеулер мен есептеулерді пайдалана отырып, жол төсемінің доңғалақ ізіне төзімді материалдарды пайдаланып, климаттық ерекшеліктер, нақты және перспективалық қарқындылық пен қозғалыс ағынының құрамын есепке ала отырып ең ұтымды конструкцияларын анықтау.

Қызметтер жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдарды көбейту мақсатына жетуге бағытталған. Мақсат, әрине, жақсы, бірақ 93 миллион теңгеге жасалатын осы зерттеудің нәтижесін қазақстандықтар қарай алмайды. Мәселе мынада, Қазақстан Республикасында Бірыңғай аналитикалық және социологиялық зерттеулер базасы бар. Оған тек мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері қол жеткізе алады.

Қазіргі уақытта базада 2 850 зерттеу бар. 2020 жылы оған тек 210 қолданушы тіркелген. Осылайша, зерттеулермен тек 88 мың мемлекеттік қызметкердің аз ғана бөлігі танысады.

Ал жуырда қала әкімі Ерболат Досаев билік балалар спорт секцияларын қаржыландыруды тоқтатып жатқанын, өйткені бұған бюджетте қаражат жоқ екенін мәлімдеді. Одан кейін әкім қаржыландыру мәселесін қандай да бір жолмен шешу қажет екенін, бірақ әкімдікті араластырмау қажет екеніне ишара білдірген еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago