Фото: kolesa.kz
Әрине, Алматы әкімдігінің шенеуніктері «Досаевымыз қызметінен кетіп қалмаса екен» деп тілейді.
Досаевтың өзі де майлы орыннан өз еркімен кеткісі жоқ. (Әйтпесе ол Forbes нұсқасы бойынша елдегі ең бай 50 кәсіпкердің қатарына кірер ме еді?)
Трактормен тартсаң да «Мәжілістен кетпеймін» дейтін Жигули көкеміз сияқты.
Енді әкімдіктің баспасөз қызметі «Әл-Фарабиде көлік қозғалысын жеңілдету үшін екі бағытқа жол ашылды», деп ақталып жатыр.
Жалпы, алды-артын ойлай алмайтын әкімдік екен бұл.
Халықтан әбден ажырап кеткен бюрократтар қала тұрғындарының мұң-зарына түкіріп отыра береді. «Досаев кетсін» деген петицияны жақтап 47 мың адам қол қойғанда ғана шошып, ойлана бастайтын.
Айтпақшы, жол жөндеу – Досаевтың Асқар Амрин деген орынбасары жетекшілік ететін салалардың бірі.
Асқар Амрин 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін Астана әкімінің орынбасары болып алты жыл отырған. Әсет Исекешевтің тұсында келіп, Бақыт Сұлтанов пен Алтай Көлгіновті көрген. Кешегі Тоқаев сынға алған Астанадағы былықтың біразы осы Амриннің «атқарған жұмысының» нәтижесі еді.
Енді сол бір Амрин Алматының инфрақұрылымдық дамуына жауап беретін лауазымды атқарып отыр.
Ендеше, егер Досаев Алматы әкімі креслосынан босатылып жатса, оның Амринмен қол ұстасып, әкімдіктен бірге кеткені дұрыс болар еді.
Өздерімен кетсін,
деп қазақ айтпақшы…
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…