Білім

Алматы кітапханаларында шет тілдері тегін үйретіледі

Алматы кітапханаларында түрік, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерін үйренуге болады.

Сабақты университет оқытушылары, елшілік өкілдері және еріктілер жүргізеді. Оқыту тегін, балаларға да, ересектерге де қолжетімді.

4000-ға жуық адам шет тілі курстарынан өтті, бұл негізінен 5 пен 17 жас аралығындағы балалар.

Осылайша, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырып жатырмыз, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға тырысамыз. Жалпы, кітапханаларда цифрландыру, кітап қорын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл мәселелер қала әкімінің ерекше бақылауында,

деді Алматы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналарымен бірге «Оnay English», English for kids, Mama&me және «Читай-ка»сияқты жобаларға белсенді қатысады.

Мұнда қазақ тілін үйренуге және жетілдіргісі келгендер үшін жағдай жасалған: көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге, шешендік өнерге үйретеді. Сабақ кестесін @library.аlmaty инстаграм парақшасынан білуге болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago