«Алматы-Маңғыстау» пойызында спортшы балалардың ата-аналары шу шығарды

Ата-аналар жылу вагон беруді талап еткен. Бұл туралы Mangystaumedia.kz хабарлады.

Спортшылар мен олардың ата-аналары «Маңғыстау-Алматы» пойызымен таэквандодан жарысқа бара жатқан. Алайда ата-аналар пойызды тоқтатып, басқа вагон беруді талап еткен. Олардың сөзінше, пойыз ескі әрі суық болған.

Пойызды тоқтаттық. Себебі біздің балаларымыз отыратын пойыздың ешқандай жағдайы болмады. Оны бізге жолсерік шырылдап айтты, оның ешқандай кінәсі жоқ. Осы жерден жаңа вагон қосып берді, рақмет. Балаларымыз жарысқа бара жатқан соң суық вагонның ішінде ауырып қала ма деп уайымдадық,

деді ата-ананың бірі.

Осы жағдайға байланысты 10 желтоқсанда пойыз 1 сағат 35 минутқа кешігіп жүрген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше,  №13/14135 вагоны Алматыдан Маңғыстауға шыққанда техникалық жарамды болған. Бұл ретте жолда вагондағы температура режимінің бұзылуына байланысты басшылық вагонды ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Қазір бұл құрам жолда, температура режимі сақталған, вагон құрылғылары қалыпты жұмыс істеп тұр, жолаушылар тарапынан шағым жоқ.

Осы факт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ облыстық филиалында қызметтік тексеру жүргізіледі,

— делінген хабарламада.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago