Алматы облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары.
1986 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «Архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.
Әр жылдары «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорнының сәулетшісі, «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы-бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.
2019 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Райымбек ауданының әкімі лауазымында болды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…