Руханият

Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты

Алматы облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі келісімімен Данияр Абзалиденұлы Алиев облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Данияр Абзалиденұлы, 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университетінде «тарих» мамандығы, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университетінде «тарих магистрі», 2020 жылы «Алматы» университетінде «құқық» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында қор сақтау бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы тарихының мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми қызметкері, Алматы қаласы мәдениет басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалында консультант, бөлім меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде комитет төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago