Алматы облысында 111 бала жеке үйге барып оқып жатыр

Алматы облысындағы мектеп оқушылары жеке үйде оқып, сырттағы әжетханаға баруға мәжбүр. Олай дейтініміз, олардың оқу орнында 3 ай бұрын күрделі жөндеу жұмыстары басталып, әлі бітпеген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл — Алматы облысы Көксай ауылындағы жалғыз мектеп. 111 бала жеке үйде екі ауысыммен оқып жатыр. Бұрын жатын орын болған бөлме енді класқа айналған. Әжетхана далада орналасқан. Шағын бөлме мұғалімдер бөлмесі саналады, онда 34 мұғалім кезек-кезек журнал толтырады.

Мына үйде таба алғаныма шүкір деймін, өйткені бізге балаларды онлайн оқытуға рұқсат бермеді. Бізде интернет те жоқ. Бұл проблеманы білім басқармасы деңгейіне дейін көтердік. Мұнда әкімнің орынбасары да келді. Негізі, біз ата-аналармен кездестік. Олар «балалар үйде отырғанша, тым болмаса осындай мектепке барсын» деп айтты,

дейді Көксай орта мектебінің директоры Алма Байтүрекова.

Ата-аналар балалардың жеке үйде, тіпті осындай жағдайда оқуға мәжбүр болғанына наразы. Айдос Дүйсенбай қыздарын осында шарасыздықтан әкеп жүр: мектеп оқушыларының басқа оқитын жері жоқ.

Міне, мұнда қаңғыған иттер жүреді. Уайымдаймыз. Бұл мектеп емес, кәдімгі үй ғой. Мен, мысалы, балаларымның осында оқуына қарсы болдым. Амал бар ма?

дейді Айдос Дүйсенбай.

Жергілікті шенеуніктер ауыл мектебінің ғимаратына 3 ай бұрын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болған. Ата-аналар тапсырысты орындаушылардың салғырт екеніне наразы.

Бұл оқу ғимаратында жұмысшылар 3 ай бойы тек қабырғаны сылап, су құбырын тартып, электр қуатын қосқан. Бірақ бұл — жұмыстың жартысы ғана. Енді еден салып, кафель төсеу керек.

Жалпы, ата-аналар ғана емес, жұмысшылар да наразы. Олар мектеп ғимаратын жаңғырту жұмыстарына қатысқанымен, уәде етілген ақшасын ала алмағанын айтады.

Біз үш адамбыз. Біз дәнекерлейміз. Аванс ретінде 100 мың теңге берді. Сомен бітті. Ал жалпы әрқайсымызға 500 мың теңгеден, жалпы 1,5 миллион теңге беруі керек. Ақша жоқ деп жатыр,

дейді Орынбасар Қасымбаев.

Құрылысшыларға 2 млн теңге қарыз. Бірақ компания олардың жұмысына риза емес. Жалақыны кешіктіруге облыстарды бөлу де себеп болып отыр.

Жетісу мен Алматы облыстары бөлініп жатыр. Сол себепті қазынашылық жабылды. Бұл туралы өте жақсы білесіздер. Осындай себеппен Алматы облысындағы күрделі жөнделетін нысандардың көбісі кешіктіріліп жатыр. Бірақ бүгінде ол бір жерде 100 мың, бір жерде 50 мың шамасында болады деп отырмыз. Мен әр жұмысшымен сөйлесу үшін келдім,

дейді Өндірістік-техникалық бөлім басшысы Әйгерім Қабышева.

Ауыл басшылары жекменшік компания осы ай соңына дейін мектепті жөндеп бітереді деп сендіріп жатыр. Болмаса, оларды сотқа беруге тура келеді.

Қазір 250 миллион теңге бөлінді. Әзірше бюджет тоқтап тұр. Касса ашыла сала компанияға төлейміз, сосын олар жұмысшыларымен есептеседі. Тұрғындардың қандай да бір наразылығы, арызы болса, бізге жазсын. Жұмыс қазан айында бітпесе, сотқа жүгінуге тура келеді. Ал негізі күрделі жөндеу үшін 3 ай дегенің аз, үлгеру қиын екенін мойындау керек,

деді Райымбек ауданының білім бөлімі жетекшісі Саят Үмбетәлиев.

Ауыл тұрғындары жергілікті шенеуніктердің сөзіне сенбейді. Өйткені басқа мектептердегі жөндеу де жартылай біткен.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago