Categories: Қоғам

Алматы облысында 50-ге жуық үйді су басты

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 50-ге жуық үйдің ауласын су алып, кейбір баспаналардың қабырғасы ажыраған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті тұрғандар билік өкілдері әлі келіп көмек бермеді деп отыр. Олар Ұзынағашта бұл жағдай жылда қайталанатынын айтады.

Әкімдік өкілдері де су басқан үйлердің барын растайды. Алайда, алдын-алу шарасының жүргізілмеуін былай деп түсіндірді.

Осы күнге дейін тазартылмаған. Жердің беті тоң болғандықтан, техника жерді қазу жұмыстарын жүргізе алмады. Соның салдарынан, осындай жағдайға тап болдық,

дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.

Ауыл әкімінің сөзінше, елу мың халқы бар елдімекенге облыстық құтқару қызметі, әскери қызметкерлерді қосқанда жүзге тарта жұмысшылар апаттың алдын алу үшін жұмылдырылыпты.

Әр тұрғынға төтенше жағдай туралы ескертілді. Үйлерді су басқан жоқ, тек ауланы ғана басты. Сараптама жасап жатқанымызға 15 күн болды,

деді Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков.

Қазір Ұзынағаш ауылдық округі бойынша 10 шақты ірі техника, 5 мотосорғыш, 2 экскаватор арық арналарын ашуға кірісіпті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago