Жемқорлық

Алматы облысында 56 лазауымды тұлға парамен ұсталды

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында 89 қылмыс тіркелді.

Оның ішінде 68-і сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша екені анықталды. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

60 адам әшкереленді, оның 2-еуі республикалық, 24-і облыстық, 30-ы аудандық деңгейдегі лауазымды тұлғалар. Оның ішінде жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы да әшкереленді.

Пара алу және пара беру фактілері бойынша 46 қылмыстық іс тіркелді.

Фармацевтикалық бақылау, ауыл шаруашылығы, салық, құрылыс, сот, құқық қорғау, жер қатынастары және білім беру салаларында жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 7 фактісі анықталды.

2,4 млрд теңгеге жуық негізсіз бөлінген бюджет қаражатының жолы кесілді. Белгіленген залал сомасы бүгінгі күні 3 млрд теңгені құрады,

деді спикер.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласында, ирригациялық желілер саласында, жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайдалану мәселесі бойынша, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша, денсаулық сақтау саласында, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмысы және сібір жарасы көмінділерінің қызметі мәселесі бойынша 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және жер қатынастары саласында, білім беру саласындағы еңбекақы қоры мәселелері бойынша, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру және мемлекеттік бақылау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау жүргізді.

Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды. Оның 3-і ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша, 19-ы 680-бабтың 2-тармағы бойынша, 1-і 681 бабтың 1-тармағы бойынша.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 968 000 теңгені құрап, толығымен өтелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

1 день ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

7 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago