Оқиға

Алматы облысында 6-сынып оқушысы асылып қалған

Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады. Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.

Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған

Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін мәйіті табылды,

деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.

Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді,

делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago